Ресейден Түркияға аттанған жүк кемесі Қара теңізде апатқа ұшырады

685

Ресейден Түркияға аттанған жүк кемесі Қара теңізде апатқа ұшырады

Қара теңізде түрік компаниясына тиесілі "Герои Арсенала" жүк кемесі апатқа ұшырап, борттағы 12 адамның жетеуі із-түзсіз жоғалып кетті.

Мамандар қазірге дейін 5 теңізшіні құтқарған. Алайда олардың халі мүшкіл. Кемеде 2 ресей, 9 украин және 1 грузин азаматы болған. Олар Ресейдің Ростов облысынан Түркияға бидай тиеп бара жатқан.

Ал осы елдің төтенше жағдай министрлігінің мәлімдеуінше, іздестіру құтқару операциясын жүзеге асыруға секундына 20 метр жылдамдықпен соққан жел кедергі болып тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу