Ресейден ұстап алып келген алаяққа үкім шықты

716

Балабақша психологы таныстарына су жаңа үйлерден арзан пәтерлер алып беруді уәде еткен. Бірақ, 100 миллион теңгеге жуық ақша жиналғанда Ресейге қашып кеткен.

Ресейден ұстап алып келген алаяққа үкім шықты

Ақтөбеде психолог алаяқтық үшін сотталды. Өз таныстарының сеніміне кіріп, 100 миллион теңгегені жымқырған психолог алты жыл сегіз айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Балабақша психологы таныстарына су жаңа үйлерден арзан пәтерлер алып беруді уәде еткен. Бірақ, 100 миллион теңгеге жуық ақша жиналғанда Ресейге қашып кеткен.

Күдікті Ресейдің Краснодар қаласынан ұсталды. Қылмыстық іс бойынша тоғыз адам жәбірленуші деп танылған. Сот олардың 96 миллионнан астам материалдық шығын өндіруді міндеттеді.  

"Ақтөбе қаласының №2 сотының 2018 жылдың 29 желтоқсандағы үкімімен Ю. Арутюнова Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 4- бөлігі 2-тармағымен, яғни аса ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп танылып, оған жазасын орташа қауіпсіз мекемесінде өтеумен 6 жыл 8 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – деді Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу