Ресейден жаңа көлік сатып алған тиімді ме?

2719

Биыл қыркүйекте Қазақстанда жаңа автомобильдердің сатылымы 3,3%-ға өссе, Ресей Федерациясында бұл көрсеткіш 22,6%-ға төмендеген.

Ресейден жаңа көлік сатып алған тиімді ме?

Қазақстандықтар арасында Ресейден жаңа көлік сатып алу тиімді деген пікір бар. Ол қаншалықты тиімді? Бұл сауалға energyprom.kz сарапшылары жауап іздеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдымен олар Қазақстанда өндірілетін ең танымал KIA, Chevrolet және Hyundai брендтерінің бағасын салыстырған. Нәтижесінде олар көрші елден жаңа көлік сатып алу соншалықты тиімді емес екенін анықтаған.

Қазақстанда базалық жиынтықтағы KIA жаңа автомобильдерінің құны 7 млн теңгеден 15,3 млн теңге аралығында. Барлығы көліктің 9 түрі бар.

Ресей автосалондарындағы көлікті теңгемен есептеген кезде кейбір модельдердің бағасы Қазақстандағы дилерлерге қарағанда жоғары. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 1.6 литр, комплектациясы қос елде де бірдей KIA Cerato Classic көлігі Қазақстанда 8,19 млн теңге, ал Ресейде 8,31 млн теңге тұрады, яғни бұл көлікті елге жеткізу және салықтарды есептемегенде 124 мың теңгеге арзан.

Сондай-ақ қозғалтқыш көлемі 2.0 литр Sportage Comfort 2WD моделіне тоқталайық, мұнда бірдей жиынтықтағы көлік Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда 1,5 млн теңгеге арзан.

Жалпы қарастырылған модельдік қатар бойынша (немесе барынша жақын жиынтықтау модельдері бойынша) Ресейдің автосалондарындағы баға 6,3 млн теңгеден 15,9 млн теңге аралығында. Мысалы, Tucson Comfort 2.0 MT 2WD (Classic) және Santa Fe Comfort 2.5 AT 4WD (Family) Қазақстанда айтарлықтай арзан екенін байқауға болады.

Сонымен қатар кейбір көліктер Ресей Федерациясында арзан: Soul Luxe (қозғалтқыш көлемі 1.6 литр) немесе Picanto Style (қозғалтқыш көлемі 1.0 литр). Кейбір көліктерді теориялық тұрғыда арзанға табуға болады.

Алайда сіз жеткізілім мен салықтарды есепке алсаңыз, онда Ресей Федерациясынан көлік сатып алу айтарлықтай қымбатқа түседі. Қос ел арасындағы көліктердің айырмашылығы 212 мың теңгеден 2,9 млн теңге аралығында.

"Арзан жабдықты Ресей Федерациясында тек теориялық тұрғыдан табуға болады. Бүгінде ресейлік автокөлік нарығындағы дағдарыс жағдайында тіпті ресейліктер де көлікті іздеуге мәжбүр. Мысалы, Ресей Федерациясындағы өткір тапшылық кезінде спецификалық "автотуризм", яғни көрші аймақтардан қажет көлікті іздеу жиі кездеседі. Бұл – ресейліктер үшін қосымша опциялардың арқасында автомобильдің түпкілікті құнын екі есе арттыратын дилерлерден ақшаны үнемдеудің жалғыз жолы", – деп жазады "Российская газета".

Көліктердің бағасын салыстырайық. Елде базалық жиынтықтағы Chevrolet автомобилінің 10 моделі құрастырылады, ал Ресейде бұл көліктің 6 түрі сатылады.

Бірдей жиынтықтағы 3 модель, оның екеуі Қазақсанда арзан – Nexia Optimum 1.5 MT (LS MT) және Spark Optimum 1.2 AT (LS AT), бағасындағы айырмашылық 9,8 мың және 817 мың теңге аралығында.

Жеткізу мен алымдарды ескерсек, Ресейдегі арзан көлікті елге алып келгеннің өзінде 1 млн теңге көлемінде ақша жұмсауға тура келеді.

Hyundai көлігіне тоқталайын. Елде 7 модель бар. Оның құны – 6,4 млн теңгеден 20,4 млн теңге аралығында. Ресей автосалондарында мұндай көліктер 5,8 млн теңгеден 21,5 млн теңге аралығында сатылады.

Мысалы, Tucson Comfort 2.0 MT 2WD (Classic) және Santa Fe Comfort 2.5 AT 4WD (Family) көліктері Қазақстанда айтарлықтай арзан, ал Elantra Base 1.6 AT немесе Creta Dynamic 1.6 MT (Classic) автомобильдерін Ресей Федерациясынан арзанға сатып алуға болады.

Алайда Ресейдегі арзан көліктерді сатып алған күннің өзінде ол қазақстандықтарың қалтасына салмақ түсіреді, яғни баға жоғары болады. Мысалы, Hyundai Elantra Base 1.6 AT көлігін алайық. Қазақстанда бұл көлік 9,09 млн теңге, Ресейде 8,73 млн теңге тұрады. Бірақ бірақ салық пен жеткізуді есепке алсаңыз, оның құны 10 млн теңге немесе одан да жоғары болады. 

Осылайша, бүгінгі жағдайда қазақстандықтар арасындағы танымал көліктерді Ресейден сатып алу тиімді деп айтуға келмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу