Ресейден жеткізілген 743 тонна бидай кері қайтарылды

845

24 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өсімдіктер карантині саласында 72 бұзушылық анықталды.

Ресейден жеткізілген 743 тонна бидай кері қайтарылды

Фитосанитариялық талаптарға жауап бермейтін карантинге жатқызылған бірқатар өнімің шекарадан бері өтуіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz  АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясынан 743 тонна бидай, арпа, картоп, ноқат, қызанақ, қияр, бұрыш, қызылша, баялды, алма, банан, кептірілген жемістер, 265 м3 ағаш материалдары және 10 479 дана шөпті өсімдіктердің көшеттері және гүл дақылдарының тамырлары, Қырғызстаннан 57,2 тонна алма, алмұрт, шырғанақ, Ауғанстаннан 10 тонна кептірілген өрік, Түркиядан 20 тонна кептірілген өрік, Өзбекстаннан 0,35 тонна жүзім, құрма, қауын тұқымы, жоңышқа тұқымы және 10 дана шырша көшеттері кері қайтарылған.

Өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3,8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған.

Жыл басынан бері АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласында 4,9 мың заң бұзушылықты анықтап, айыптылар 367,1 млн теңге әкімшілік айыппұл арқалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу