Ресейден жеткізілген 140 тонна астық ілеспе құжатының болмауына байланысты кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ ҰК арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен астықты сатып алудың ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында, Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда астықтың тасымалдауын мониторингтеу мақсатында жедел штаб пен мобильдік топ құрды.
2017 жылдың 28 - 29 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясынан Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 28 жүк автомашинасымен 560 тонна астық тасымалданды. Соның ішінде 7 автокөлікке тиелген 140 тонна астық ілеспе құжатсыз әкелінуіне байланысты, кері қайтарылды.
Аталған факті бойынша 250 мың теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылды.