Ресейдің 35 елшісі кері қайтарылды

656

Ресейдің 35 елшісі кері қайтарылды

Мәскеу АҚШ-тың Ресейге қарсы салып жатқан санкцияларын агрессияға балады. Күні кеше Вашингтон Ресейдің 35 дипломатын елден шығарып, екі елшілікті жабу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Хабар.

Сондай-ақ ресейдің 6 азаматы мен 5 ұйымына да санкциялар салынды. Тізімде Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Орталық барлау басқармасы да бар. Барак Обаманың қолы қойылған қаулы АҚШ билігі мен дипломаттарының қауіпсіздігі үшін жасалған шара деп түсіндірілуде.

Бұған дейін Ақ үйдегілер: "Ресейдің арнайы қызметтері хаккерлердің көмегімен елде өткен Президенттік сайлауға араласты", – деп күдіктенген болатын. Бүгін Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Владимир Путинге АҚШ-тың 35 дипломатына қатысты дәл осындай шара қолдануды ұсынды. Бірақ ол  мұндай шараға бармайтынын, ешбір дипломатты кері қайтармайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу