Ресейдің АҚШ мемлекеттік облигацияларына салған инвестициясы төмендеді

250

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады. 

Ресейдің АҚШ мемлекеттік облигацияларына салған инвестициясы төмендеді Фото: Абзац

Ресей маусым айында америкалық мемлекеттік облигациялар портфелін 44 миллион долларға дейін қысқартты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрама штаттардың Қаржы министрлігі жариялаған есепке сәйкес, ұзақ мерзімді қағаздарда ресейлік портфель 42 миллион доллар болса, ал қысқа мерзімді қағаздардағы үлесі – 2 миллион доллар.

АҚШ-тың ең ірі қарыз иелерінің тізімінде Жапония бірінші орында. Оның бір айдағы инвестициясы мамыр айындағы 1,128 триллион доллардан 1,118 триллион долларға дейін қысқарды. Екінші орында Қытай тұр, инвестиция үлесі – 780,2 миллиард доллар. Үштікті Ұлыбритания қорытындылады, оның балансындағы облигациялар көлемі – 741,5 миллиард доллар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу