Ресейдің әрекетінен жарты әлем ас-судан тарығады

945

Atameken Business телеарнасының "Анығын айтсақ" бағдарламасында Ресей мен Украина соғысының салдары сөз болды.

Ресейдің әрекетінен жарты әлем ас-судан тарығады

Украинадағы соғыстың салдары әлемге көптеген қиындықтар әкелейін деп тұр.

Қиындықтың үлкені – әлемнің жартысын азық-түлік тапшылығы жайлауы мүмкін. Себебі соғыстың кесірінен азық-түлік өндірісі мен тасымалының қалыптасқан жүйесі бұзылып жатыр. Оған жанар-жағармайдың жетіспеушілігі мен қымбаттауын қосыңыз. Осындай себептермен әлемнің бірсыпыра елдері осы бастан ашық түрде аштықтың сәл-ақ алдында тұр.

Ал бара-бара азық-түліктің жетіспеушілігі күрт артуы ғажап емес. Бұл ахуалды Қазақстан үкіметі де сезініп отыр. Сондықтан ерте бастан қамданудың әрекеті бар. Экспортты шектеу, егіс науқанын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету сынды маңызды шараларға баса назар аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу