Ресейдің әскери полигонындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

1008

Бейсенбіде Ресейдің қорғаныс министрлігінің полигонындағы жарылыстың арты өртке ұласып кетті. Апаттан 2 адам ажал құшып, 15 кісі түрлі дейгейде жарақат алды. Қазір 5 адам ауыр халде ауруханада жатыр.

Ресейдің әскери полигонындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты

Оқиға Архангельск облысындағы Северодвинск қаласынан 30 шақырым жерде болды. РИА Новости басылымының хабарлауынша, жарылыс реактивті қозғалтқышты сынақтан өткізу кезінде болған. 

Апаттан кейін аймақтағы радиация деңгейі күрт көтеріліп кеткен. Бірақ қазір жағдай қалыпқа келді, дейді жергілікті билік өкілдері. Архангельск губернаторы Игорь Орлов жергілікті тұрғындарды қауіпсіз жерге көшірудің қажеті жоқ дейді. 

Әзірге апатқа ұшыраған құрылғының атауы не қозғалтқыштың моделі туралы Қорғаныс минисрлігіндегілер тіс жармады. 
Естеріңізге сала кетейік, 5 тамызда Красноярск аймағында әскери бөлімнің қоймасы өртке оранып, арты оқ-дәрілердің жарылысына ұласып кеткен болатын.Салдарынан 13 адам жарақат алып, бір адам жантәсілім болған. Жақын маңда шоғырланған 16 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу