Ресейдің астық эспортына шектеу қоюы бізге әсер етпейді – АШМ

557

Ресей Еуразиялық экономикалық одақ аясында астық экспортын квота арқылы екінші жыл қатарынан шектеп отыр. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков осындай мәлімет айтты.

Ресейдің астық эспортына шектеу қоюы бізге әсер етпейді – АШМ

"Біз ашық көздерден Ресейдің биылғы маркетинг жылында былтырғы сияқты астық экспортын ковталауды жалғастырмақшы екенін білдік. Бұл ол елдің суверендік құқығы. Ал Қазақстанға келсек, 2020 жылғы өнімнің бастапқы салмағы шамамен 21 млн тонна болды. 1 қаңтардан бері республика бойынша 16,5 млн тонна астық бар. Бұл ішкі сұранысты артығымен жабады. Тіпті экспортқа 7,5 млн тонна астық пен ұн шығаруға мүмкіндік береді. Ресей мен Қазақстанның астық экспортындағы нарығы айтарлықтай өзгеше екенін айтқым келеді. Біз бидай мен ұнды негізінен Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға, Қытайға сатамыз. Ал Ресей Федерациясы көбінесе Қара теңіз маңайындағы нарықтар мен шалғай нарық алаңдарына сатады. Осыған байланысты Ресейдің астық эспортын шектеу туралы шешімі біздің экспорт нарығымызға кері әсер етпейді", - деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу