Ресейдің аты аңызға айналған бапкері Татьяна Тарасова ауыр хәлде жатыр

183

79 жастағы маман жансақтау бөліміне түскен.  

Ресейдің аты аңызға айналған бапкері Татьяна Тарасова ауыр хәлде жатыр Фото: myspeaker.ru

Мәнерлеп сырғанаудан белгілі бапкер Татьяна Тарасова жансақтау бөліміне түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәліметке сәйкес, қазір қауіпті кезең артта қалған. Қазір 79 жастағы маман есін жиған, алайда дәрігерлердің тұрақты бақылауымен ем қабылдап жатыр.

Татьяна Тарасова – мәнерлеп сырғанаудан КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол еңбек жолында Ресей, Жапония және АҚШ спортшыларын дайындап, көптеген Олимпиада чемпиондарын тәрбиеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу