Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды

378

Мәлімдеме Ақтауда AZAL ұшағы апатқа ұшырағаннан кейін жасалды. 

Ресейдің әуе кеңістігін айналып ұшу ұсынылды Фото: RabStol.net

Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) Ресейдің әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңартылған талаптарға сүйенсек, тасымалдаушыларға Ресейдің еуропалық бөлігін қамтитын Мәскеу, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Екатеринбург және Самарадағы рейстерді тоқтату ұсынылды.

"Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін жалғасып жатқан қақтығыс азаматтық ұшақтардың әуе кеңістігінде байқаусызда шабуылға ұшырау қаупіне әкеледі", – делінген EASA таратқан ақпаратта.

Тиісті ұсыныс осы жылдың 31 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл EASA рұқсат берген үшінші елдердің әуе компанияларына таратылады. Еуропалық тасымалдаушылар Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейінгі санкциялардан соң Ресейге ұшпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу