Ресейдің әуе компаниялары бөлшектерді сатып ала алмағандықтан ұшақтарын бөлшектей бастады

2839

Reuters-тің мәліметіне сүйенсек, шілде айының соңынан бері "Аэрофлот" компаниясының 50-ге жуық ұшағы ұшпай қалды.

Ресейдің әуе компаниялары бөлшектерді сатып ала алмағандықтан ұшақтарын бөлшектей бастады

Санкцияға ұшыраған ресейлік "Аэрофлот" және басқа да әуе компаниялар қосалқы бөлшектерді сатып ала алмағандықтан ұшақтарын бөлшектей бастады.

Осылайша, олар сынғандарын жөндемек, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресей үкіметі маусым айында жергілікті әуе компанияларына осындай ұсыныс жасаған еді. Енді шетелде жасалған ұшақтар кем дегенде 2025 жылға дейін қызмет көрсете алады.

Reuters-тің мәліметіне сүйенсек, шілде айының соңынан бері "Аэрофлот" компаниясының 50-ге жуық ұшағы ұшпай қалды. Бұл әуе паркінің шамамен 15%-ы. "Аэрофлот" пайдаланатын жеті Airbus A350 ұшағының үшеуі, оның ішінде қазір бөлшектеліп жатқан ұшақтардың біреуі соңғы үш айда ұшпаған көрінеді.

Ескере кететін жайт, ресейлік әуе компанияларының ұшақтарының көпшілігі шет елдерде тіркелген және шетелдік лизинг берушілерге тиесілі.

Санкция бойынша, лизинг берушілер ресейлік әуе компанияларымен арадағы келісімшарттарды бұзуға міндетті, содан кейін олар ұшақтарды сатып алуы тиіс немесе оларды иесіне қайтаруы керек. Осы орайда Росавиация шет елдерге бағытталған рейстерді тоқтата тұруға кеңес берген болатын.

Табиғат Нұрболат
Фото: Moskva News Agency

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу