Ресейдің әуе өндірісі 2030 жылға қарай 1 мың жаңа лайнер құрастыруға кіріспек

Көршілер "Боинг" пен "Эйрбасқа" тәуелді болмаймыз деп отыр. 

Ресейдің әуе өндірісі 2030 жылға қарай 1 мың жаңа лайнер құрастыруға кіріспек

"Ростех" мемлекеттік корпорациясы батыс санкциялары салдарынан бұрынғыдай ұшақтарға қажетті бөлшектерді сырттан ала алмайды. Бұл жақтағы жолаушылардың 95 пайызы негізінен АҚШ және Францияда құрастырылған көлікпен ұшатынын ескерсек, жағдай өте қиын. Енді көршілер алдағы 8 жылда Кеңес одағы кезінде құрастырылған Ил-114, Ту-214 сияқты ұшақтарды жаңғыртып мінетін болады, деп хабарлайды Atameken Business.

Бірақ бұл ел үшін Батыстан қажетті бөлшек тасымай ұшақ құрастыру мүмкін емес дейді сала сарапшылары. Дегенмен санкцияны алып тастайды дегеннен күдер үзген ресейліктер қалай да өзіміз әуе техникасы өндірісін дамытамыз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу