Ресейдің баға шегі бойынша мұнай экспортына тыйым салуы өз күшіне енді

515

Ресей Федерациясының баға шегін ескере отырып, ресейлік мұнайды жеткізуге тыйым салуы өз күшіне енді: 1 ақпаннан бастап экспорттаушылар шетелдік келісімшарттарда шекті бағаны бекіту механизмін қолдану туралы ережелердің болуына жол бермеуі тиіс.  

Ресейдің баға шегі бойынша мұнай экспортына тыйым салуы өз күшіне енді Фото: РИА Новости

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің қолы қойылған Жарлық келісімшарттар түпкілікті сатып алушыға дейін жеткізудің барлық кезеңдерінде шекті бағаны бекіту механизмін тікелей немесе жанама түрде қолдануды көздесе шетелдік заңды және жеке тұлғаларға Ресей Федерациясынан мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізуге тыйым салады, деп жазады inbusiness.kz.

Мұнайға тыйым салу 1 ақпаннан 1 шілдеге дейін қолданылады, мұнай өнімдері бойынша осындай шаралардың басталу күнін Ресей үкіметі анықтады.

Президент арнайы шешіммен кейбір жеткізілімдерді Жарлықтың қолданысынан алып тастай алады.

Сонымен бірге, Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі 1 наурызға дейін Қаржы министрлігімен келісіп, экспортқа жеткізілетін Ресей Федерациясының мұнай бағасын бақылау тәртібін бекітуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу