Ресейдің бас мүфтиі шейх Равиль Гайнутдин елордада өтетін съезге қатысатынын растады

587

Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Ермек Көшербаев Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасының және Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы мүфти шейх Равиль Гайнутдинмен кездесті.

Ресейдің бас мүфтиі шейх Равиль Гайнутдин елордада өтетін съезге қатысатынын растады

Тараптар дінаралық диалогты дамытудағы өзара іс-қимылды талқылап, Қазақстан мен Ресей мұсылмандары діни басқармалары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі деңгейіне қанағаттанушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz еліміздің елшілігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында дінтану және рухани-ағартушылық қызмет саласында кадрлар даярлаудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар жас ұрпақтың құқықтық санасының қалыптасуына ықпал ететін ксенофобия, ұлтшылдық және экстремизм көріністерінің таралуына кедергі болатын дәстүрлі рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Равиль Гайнутдин қыркүйек айының ортасында Нұр-Сұлтанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растап, форумды бірде-бір рет өткізіп алмағанын еске салды.

Жиырма жылдан бері өткізіліп келе жатқан шараны жоғары бағалап, түрлі конфессия өкілдеріне қазіргі заманның жаһандық мәселелерін талқылауға және пікір алмасуға мүмкіндік беретін алаң қажет екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қазір, пандемиядан кейінгі кезеңде саяси басшылыққа қоғамның қай бағытта дамуы керектігін айта алатын діни көшбасшылардың рөлі бірінші орында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу