Украинадағы соғыстан 10 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тапқан

409

Зардап шеккендердің арасында 18 мың бала бар.

Украинадағы соғыстан 10 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тапқан Фото: ЮНИСЕФ/ А.Скиба for The Globe and Mail

Ресей мен Украина арасындағы соғыстан 10 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы жеті мыңы із-түзсіз кеткен. Бұл туралы Украинаның Ұлттық полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Ұлттық полиция Ресей Федерациясының ауқымды агрессиясы нәтижесінде Украинада 9 700 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын құжаттады, 7 мыңға жуық бейбіт тұрғын із-түзсіз жоғалды", - деп хабарлады Украина Ұлттық полициясы төрағасының бірінші орынбасары Максим Цуцкиридзе Интерфакс-Украина агенттігіне берген сұхбатында.

Полиция 9 700 украиндықтың өлімін, тағы 11 000 жараланғанын және 7 000-ға жуығы із-түзсіз жоғалғанын құжаттаған. Бұлардың барлығы бейбіт тұрғындар.

Оның айтуынша, зардап шеккендердің арасында 18 мың бала бар. 522 бала қайтыс болған, оған қоса 14 мың украиндық бала Ресей мен Белоруссияға жер аударылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу