Ресейдің Беларусьтан өз әскерилерін шығарудан бас тартуы оның Украинаға басып кіруге дайындалып жатқанын білдіреді. Бұл туралы НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өткен аптада Ресей Украина шекарасынан шегінетінін жариялаған болатын. Бірақ, Столтенбергтің айтуынша, іс жүзінде Мәскеу шекараға тағы да әскерилерін жөнелткен көрінеді.
"Қос елдің әскери жаттығулары 20 ақпанда аяқталуы керек деді. Бірақ қазір жаттығулар жүріп жатыр. Бұл Ресейдің Украинаға шабуыл жасауға дайындалып жатқан білдіреді", – деді Столтенберг.
Сонымен бірге ол Ресей-НАТО кеңесінің жаңа кездесуін өткізуге дайын екенін айтты. Оның сөзінше, қазір ең бастысы – Украинаға бағытталған шабуылды болдырмау.
20 ақпанда Ресей әскери жаттығулар аяқталғаннан кейін өз әскерін Беларусьтан шығарудан бас тартып, қос елдің қарулы күштерін тексеру жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады.
АҚШ президенті Джо Байден егер Ресей Украинаға басып кірмесе, РФ президенті Владимир Путинмен кездесуге келісті. Қауіпсіздік саммитін өткізуді Франция президенті Эммануэль Макрон ұсынған болатын.
Табиғат Нұрболат
Фото: kremlin.ru