Ресейдің Белгород облысында терроризмге қарсы операция режимі тоқтатылды

426

Аймақ басшысы Вячеслав Гладков 22 мамырға қараған түні Белгород өңіріндегі Головчино селосының әкімшілігіне шабуыл ұйымдастырылғанын хабарлаған еді.  

Ресейдің Белгород облысында терроризмге қарсы операция режимі тоқтатылды Фото: Коммерсант

Ресей Федерациясының Белгород облысында терроризмге қарсы операция режимі жойылды. Бұл туралы сейсенбіде Telegram арнасында аймақ басшысы Вячеслав Гладков мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Белгород облысының аумағында терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимін жою туралы шешім қабылданды. Тиісті құжат жарияланды", - деп жазды шенеунік.

Бұған қоса, Новая Таволжанканы да дрон шабуылдағанын еске саламыз. Губернатордың мәлімдеуінше, пилотсыз ұшатын аппарат тұрғын үйлерден аулақта, 100 метр жерде құлаған. Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ көрінеді.

Облыс губернаторы Вячеслав Гладков өңір халқына үндеу жолдап, дүрбелеңге салынбауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу