Ресейдің Брянск қаласында 8-сынып оқушысы мектепте атыс ұйымдастырды

439

Қыз бала бірнеше адамды жаралап, өз-өзіне қол жұмсаған. 

Ресейдің Брянск қаласында 8-сынып оқушысы мектепте атыс ұйымдастырды Фото: ТАСС

Брянск қаласындағы №5 гимназияда 8-сынып оқушысы оқ жаудырды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік төтенше жағдайлар қызметіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, қыздың мектепке өзімен бірге алып келген әкесінің қаруынан оқ атқанын растады.

"Бейсенбі күні таңертең,  8-сынып оқушысы Брянск қаласындағы №5 гимназиясына қару алып барып, оқ жаудырған. Оқиға салдарынан екі адам қаза болып, тағы бес адам жарақат алды. Оқ атқан қыздың өзі өз-өзіне қол жұмсады", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта, оқиға орнында полиция мен жедел қызмет жұмыс істеп жатыр, гимназия қоршауға алынды. Төтенше жағдайдың мән-жайы және зардап шеккендер туралы нақты ақпарат анықталып жатыр.

"Жарақат алған 5 адамның барлығы – жасөсіпірімдер. Олар орташа дәрежедегі жағдай бойынша, ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, олар барлық қажетті медициналық көмекті алады", - деп мәлімдеді Ресей Денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов.

Сонымен қатар, Кузнецов қазірдің өзінде зардап шеккендердің біріне ота жасалып жатқанын түсіндірді. Бұдан бөлек, федералдық ауруханалармен телемедициналық консультациялар өткізу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу