Ресейдің Дзержинск қаласындағы қопарғыш зат дайындайтын "Кристалл" зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 82-ге жетті, деп хабарлайды РИА новости.
"Мәскеу уақыты бойынша 20.30-да зардап шеккендер саны 82-ге жеткен, оның 15 ауруханада, ал біреуінің жағдайы ауыр", - деп хабарлайды агенттік.
Зауытта 8 жарылыс болған, дүмпудің қатты болғаны сонша, жақын маңдағы тұрғын үйлердің терезелері сынған. Жарылыстың соңы өртке ұласты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, технологиялық процесс кезінде қателік жіберілген.
Қалада төтенше жағдай режимі енгізіліп, жарылыс салдарын жоюға 350-ге жуық адам мен 40-тан астам техника жұмылдырылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу