Ресей Федерациясындағы Томск қаласында орналасқан Солагифт және Сава компаниялары халал сертификатын алды, деп хабарлайды islam.kz.
Студенттер мен университеттер қаласы атанған Томск қаласында орналасқан Солагифт және Сава компанияларына арнайы іс-сапармен "Халал Даму" ЖШС директорының орынбасары Елжанов Әнуар халал сертификатын тапсырып қайтты. Бұл сертификатты алуға компаниялардың өздері өтініш берген екен.
Аталмыш компанияларды тексеру барысында өндірістің барлық технологиялық тізбегі бағаланды: шикізат қабылдау, қаптау, сақтау және басқа да талаптар бойынша тексеру жүргізілді. Өнімдері толыққанды арнайы зертханадан өтіп, оң нәтиже көрсетті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу