Ресейдің экономикалық өсімі 2 жыл қатарынан төмендейді

699

Соғысқа дейін 3 пайызға көтеріледі деген Ресей экономикасының өсімі, 2 жыл қатарынан төмендейді деген болжам жарияланды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ресейдің экономикалық өсімі 2 жыл қатарынан төмендейді

Қаржыгерлер бұл жағдай 2009 жылғыдай болады дегенді аңғартады деп отыр.

Биыл өсім 7,8 пайыз, келесі жылы 0,7-ге дейін азаяды. Ең қиын кезең, үшінші тоқсанда болады, дейді Ресей экономистері.

Доллардың рубльге шаққандағы бағамы жыл соңына қарай 76-ға тұрақтануы мүмкін деген болжам бар. Биыл теріскейдегі көршімізде инфляция 17,5%-ға жетеді. Келесі жылы 6,1%-ге дейін кемиді. Инвестиция көлемі 20 пайызға жуық, экспорт 14, бөлшек сауда айналымы да 8,7 пайызға азаяды. Халықтың кірісі де, тұтыну шығыны да бұрынғыдай болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу