Ресейдің ең бай әйелдерінің бірі ұшақ апатынан көз жұмды

600

Германияда алты орынды бизнес-джет апатқа ұшырады. 

Ресейдің ең бай әйелдерінің бірі ұшақ апатынан көз жұмды

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ бортында ұшқыш пен S7 алып компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Наталия Филева мен оның әкесі отырған, деп хабарлайды 24.kz.

Әуе көлігі Франкфурттен 6 шақырым жерде орналасқан Эгельсбах әуежайының маңында құлап, өртеніп кеткен. Апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталып кетті. Оны халықаралық комиссия мен ресейлік әуе билігі бірлесе отырып жүргізетін болады.

Айта кетейік, 55 жастағы Наталия Филева Forbes журналы бойынша Ресейдің ең бай әйелдерінің бірі саналады. Басылым 2018 жылы Филеваның дәулетін 600 млн долларға бағалаған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу