Байқоңырдан Ресейдің ең қуатты телекоммуникациялық жер серігі "Ямал-601" ұшырылып, орбитаға шықты, деп хабарлайды Atameken Business.
"Протон - Эм" зымыран тасығышы оны Астана уақыты бойынша кешкі сағат 23:42-де әуеге көтерді. Ғарыш аппаратының үш қосалқы бөлігі 10 минуттан кейін ажырап түскен. Ал 35 мың 703 шақырым биіктіктегі станцияға жер серігі 9 сағат 15 минутта жетті.
Жаңа аппарат ТМД елдері, Еуропа мен Таяу Шығысты қамтып тұрған "Ямал 202-ні" алмастырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу