Ресейдің монополияға қарсы қызметі Қазақстан дүкендеріндегі ұлттық сөрелерге қарсы

312

Қырғызстанға да көзқарасы дерлік сондай.  

Ресейдің монополияға қарсы қызметі Қазақстан дүкендеріндегі ұлттық сөрелерге қарсы  Фото: freepik.com

Ресейдің Федералды монополияға қарсы қызметі (FAS) Қазақстан мен Қырғызстанның онлайн және оффлайн дүкендеріндегі жергілікті өнімдері бар сөрелері туралы ережені сынға алды, деп жазады Inbusiness.kz, vedomosti.ru басылымына сілтеме жасап.

Бұл бірқатар ЕАЭО елдерінің сауда алаңдарындағы жергілікті тауарлардың басым ұсынысы. Алайда, бұл қағида одақ елдерінің өзара ықпалдасуына кедергі келтіреді.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қырғызстан дүкендерінде жергілікті тауарларды басым орналастыру мәселесі бойынша, FAS ұстанымы 2023 жылы 5 қазанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) отырысында айтылды.

Ресейдің "Ведомости" басылымы отырыс хаттамасының көшірмесімен танысты. Ал, ЕЭК баспасөз қызметінің өкілі кейстің талқылануын растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу