Ресейдің "Газпром" компаниясы Болгарияға газ жеткізуді тоқтатты

1040

Бұған дейін Польшаның PGNiG компаниясы Ресейден жеткізілетін газ үшін рубльмен төлеуден бас тартатынын мәлім етті.

Ресейдің "Газпром" компаниясы Болгарияға газ жеткізуді тоқтатты

Ресейдің "Газпром" компаниясы Булгаргаз компаниясына 27 сәуірден бастап Болгарияға сұйытылған табиғи газды жеткізуін тоқтататынын ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz Болгарияның энергетика министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Болгария тарапы өз міндеттемелерін толығымен орындағаны және осы шарт бойынша барлық төлемдерді уақытылы жүргізгені жазылған.

"Булгаргаз" және елдегі энергетикалық холдинг бірлесе қазіргі жағдайға талдау жүргізген болатын. Нәтижесінде, олар Ресей ұсынған газ үшін төлем жүргізудің жаңа тәртібі келісімшартқа сәйкес келмейді және Болгария үшін айтарлықтай қауіп төндіреді деген қорытындыға келді.

Бұған дейін Польшаның PGNiG компаниясы Ресейден жеткізілетін газ үшін рубльмен төлеуден бас тартатынын мәлім еткен еді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу