Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков Өзбекстанға көшеді

2357

Ресейлік театр және кино актері Сергей Безруков С.А.Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының Ташкенттегі филиалында сабақ береді.  

Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков Өзбекстанға көшеді Фото: eadaily.com

Бұл туралы Inbusiness.kz "Sputnik Өзбекстан" АА сілтеме жасап хабарлайды.

"Ресейдің Халық әртісі Сергей Безруков қыркүйек айында БМКИ-дің Ташкент филиалында актерлік шеберхана ашып, актерлік шеберліктен сабақ береді. Ол теориялық сабақтарды онлайн, ал практикалық сабақтарды Ташкентте жеке өткізеді", - деді филиал директоры Эльдор Юлдашев.

Сонымен қатар, Юлдашевтің айтуынша, филиалда Білім беру театры да ашылады. Сергей Безруков та осы жобаға қатысады.

Жаңа оқу жылынан бастап БМКИ-дің  Ташкент филиалында "киносыншы" және "кинотану" білім беру бағыттары пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу