Ресейдің ІІМ украиналық журналист Гордонға іздеу жариялады

1061

Бұған дейін Росфинмониторинг журналисті террористер мен экстремистер тізіміне қосқан болатын.

Ресейдің ІІМ украиналық журналист Гордонға іздеу жариялады

Ресей Федерациясы украиналық журналист Дмитрий Гордонға іздеу жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресейдің ІІМ хабарламасына сілтеме жасап.

Іздестіру қылмыстық іс шеңберінде жүргізіледі.

Бұған дейін Ресейдің тергеу комитеті Гордонға қарсы "агрессивті соғысты бастауға үндеу, ұлтараздықты қоздыруға бағытталған әрекеттер, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің әрекеттері туралы жалған ақпарат тарату туралы" баптар бойынша бірнеше іс қозғаған болатын.

Комитет "Гордон украиналық телеарнаның тікелей эфирінде Ресей Федерациясына қарулы шабуыл жасауға және оған қарсы ядролық қаруды қолдана отырып агрессивті соғыс бастауға шақырды" деп мәлімдеді.

Кейінірек Росфинмониторинг журналисті террористер мен экстремистер тізіміне қосты.

Журналист әлеуметтік желіде бұл іздеуге қатысты ойын жазды. 

"Ресейдің Ішкі істер министрлігі мені іздестіріп жатыр. Тағы да оңбағандық жасай берсін", – деп жазды Дмитрий Гордон Instagram-дағы парақшасында.

Табиғат Нұрболат

Фото: inform.zp.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу