Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі ауысты. Бұл туралы РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің өкімі бар, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
"Кочетков Максим Николаевич Ресей Федерациясының Қазақстандағы сауда өкілі болып тағайындалсын", – делінген құжатта.
Ол Александр Яковлевті ауыстырды.
Максим Кочетков бұл қызметке дейін Киров облысы үкіметі төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу