Ресейдің қазақтар көп шоғырланған облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар болады

951

Ресейдің қазақтар ең көп шоғырланған Астрахан облысына Қазақстанның Елшісі Ермек Көшербаев сапарлап барды. Облыс әкімі Игорь Бабушкинмен кездесу өтті. Жиынға Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков бастаған делегация да қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресейдің қазақтар көп шоғырланған облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар болады

Тараптар мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас дамып келе жатқанын айтысты. Астрахан облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар, жетекші кәсіби шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестиваль, театр мен филармониялардың гастрольдері өткізіледі деп уағдаласты.

Мұнда қазақ диаспорасы шамамен 150 мың адам. Астрахан облысында орыстардан кейін екінші орында тұр.

Қазақстан аймақтары мен Астрахан облысы арасында тауар айналымы оң серпін көрсетіп отырғаны айтылды. Дегенмен қазір екіжақты сауда қатынасының әлеуеті толық пайдаланылмай отыр, сондықтан экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейту және тауар айналымын арттыру бағытында жұмысты жалғастыру қажет.

Биыл күзде Орынборда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу