Ресейдің қиыр шығысында қалың қар түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24kz-ке сілтеме жасап.
Осыған байланысты Благовещенск қаласында төтенше жағдай жарияланған. Коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты. Оларға мемлекеттік қызметкерлер, тұрғындар, студенттер мен еріктілер көмекке келген.
Ақ ұлпа кейінгі 3 күн бойы тоқтамай жауды. Жергілікті метеорологтардың мәліметі бойынша қардың мұншама қалың жаууы 97 жылда алғаш рет болып тұр. Благовещенск билігі әуежайдағы рейстерді кейінге шегеріп, қалааралық автобустарды тоқтатты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу