Ресейдің Қостанай облысындағы компаниясы алтын өндірісін 16 пайызға арттырды

1121

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында алтынның жалпы өндіру көлемі 61,7 мың унция, ал 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында - 53,3 мың унция болды.

Ресейдің Қостанай облысындағы компаниясы алтын өндірісін 16 пайызға арттырды

2018 жылдың бірінші жартысында ресейлік Polymetal-ға тиесілі "Варваринское" (Қостанай облысы Таран ауданы) алтын өндіру компаниясы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алтын өндіруді 16% -ға арттырды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

2018 жылдың қаңтар-маусым айларында алтынның жалпы өндіру көлемі 61,7 мың унция, ал 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында 53,3 мың унция болды.
Айта кетсек, Polymetal - Ресейдегі ең ірі күміс өндіруші және жетекші алтын өндірушілердің бірі. Холдингтің кәсіпорындары Магадан және Свердлов облысында, Хабаровск аумағында, Чукоткада, Қазақстан мен Арменияда орналасқан.
Компанияның ең ірі акционерлері - Александр Незистің "ИСТ" тобы (26,72%), Петр Келнердің PPF Group-і (12,5%) және Александр Мамуттың (10,47%) отбасы. Polymetal LSE пен Мәскеу қор биржасында листингке ие.
Ал,жалпы, елімізде алтынның барланған және өнеркәсіптік қорларының саны бойынша Қазақстан әлемде әзірге 14 орында тұр. Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәліметінше, еліміздің мемлекеттік балансында 343 алтын кен орны (386 нысан) бар.

Қазақстан алтынының баланстық қоры бүгінде 2 мың 418,1 тоннаны ғана құрайды. Олардың 75%-ы қарқынды түрде пайдаланылуда. Тағы 21%-ы -барлану үстінде. 3%-ы – лицензияланбаған, демек инвесторларға беру үшін аукционға салына алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу