Ресейдің Краматорскідегі тұрғын үйге жасаған соққысының салдарынан қаза тапқандар бар

458

Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украинаның шығысындағы майдандағы жағдай ушыға түскен. 

Ресейдің Краматорскідегі тұрғын үйге жасаған соққысының салдарынан қаза тапқандар бар Фото: img.pravda.com

Сәрсенбі күні кешке ресейлік зымыран соққысының салдарынан украиналық Краматорскідегі көпқабатты үй қирап, кем дегенде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Оқиға орнында құтқарушылар, құқық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер жұмысын бастап кетті, алдымен қираған үй үйінділерден тазартылады, себебі астында әлі де адамдар болуы мүмкін", - деді Донецк облысы әкімшілігінің басшысы Павел Кириленко өз Telegram-арнасында.

Украинаның шығысындағы майдан шебіндегі жағдай Ресей әскерлері шабуылды күшейткен сайын шиеленісе түседі, деді президент Владимир Зеленский сәрсенбіде.

Ресей соңғы бірнеше айда Кремльдің басты мақсатына айналған Бахмуттың солтүстігі мен оңтүстігіне шабуыл жасады деп жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу