"Ангара" әуе компаниясы Красноярск-Алматы бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады, деп хабарлайды ИДМ азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
"Ангара" әуе компаниясы ресейдің Красноярск қаласынан Алматыға тұрақты рейс ашты. Сібірдің қаласынан ұшып шығу әр бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Алматыдан Красноярскке ұшақ жұма және дүйсенбі күндері сағат 00.10-да ұшатын болады. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 40 минутқа созылады. Әуе рейстері 75 жолаушыға арналған Aн-148-100 ұшағымен орындалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу