Ресейдің қыркүйек айындағы мұнай-газ кірісі былтырғы көрсеткіштерден асып түседі

411

2022 жылдың қыркүйегіндегі тиісті көрсеткіш 688 миллиард рубльді құраған. 

Ресейдің қыркүйек айындағы мұнай-газ кірісі былтырғы көрсеткіштерден асып түседі Фото: Total.kz

Қыркүйек айында Ресей бюджетінің мұнай-газ кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңінен  асып түседі. Мұндай қорытындыны Reuters жасап отыр, деп жазады inbusiness.kz.

"Федералдық бюджеттің жалпы кірісінің үштен бір бөлігін құрайтын Ресейдің мұнай-газ кірісі қыркүйекте шамамен 733 миллиард рубльге ($7,6 миллиард) дейін өседі, бұл өткен аймен салыстырғанда 14%-ға артық", - деп хабарлайды агенттік.

Reuters агенттігі тау-кен салығынан түскен түсімдердің өткен аймен салыстырғанда 24%-ға — 1,1 трлн рубльге дейін өскенін атап өтті.

"Таза кірістер жалпы салық түсімдерінен аз, өйткені кері төлемдер, соның ішінде компанияларды отынның экспорттық бағасы жоғары болған кезде ішкі нарыққа мұнай өнімдерін жеткізуді жалғастыруға субсидиялайтын "демпферлік механизм" ықпал етіп отыр", — деп қосты агенттік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу