Ресейдің Қытай мен Орталық Азияға тасымалының төмендеуі транзит көрсеткішіне әсер етті

888

2021 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан аумағы арқылы транзитпен 4,8 млн тонна жүк тасымалданды, деп хабарлады inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ресейдің Қытай мен Орталық Азияға тасымалының төмендеуі транзит көрсеткішіне әсер етті

Ұлттық компания мәліметінше, биылғы бірінші тоқсандағы Қазақстан аумағы бойынша транзиттік қатынастағы жүк тасымалының көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңіндегідей, яғни – 4,8 млн тонна.

Контейнерлік тасымал 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63% артқан.

"2021 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша контейнерлік емес транзит 2020 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 18% төмендеді. Төмендеу Ресейден Қытайға темір рудасын және Ресейден Орталық Азия елдеріне қара металл тасымалдаудың төмендеуінен орын алды",– дейді компаниядан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу