Ресейдің металлургия мен балық секторы жаңа санкцияларға ұшырауы мүмкін

161

ЕО-да қазір Мәскеуге қатысты санкциялар бойынша жұмыс жалғасын тапты.

Ресейдің металлургия мен балық секторы жаңа санкцияларға ұшырауы мүмкін Фото: Konstantin Baidin / Shutterstock

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін дайындап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты "Известия" басылымына сілтеме жасап.

Еуропарламентте шектеу шаралары ресейлік металлургия мен балық секторларына әсер етуі мүмкін деп есептеледі. 

Қазір Мәскеуге қатысты санкциялар бойынша жұмыс жалғасын тапты. Еуропарламент депутаты Томаш Здеховский жаңа шектеулер Ресейдің металлургия өнеркәсібіне қайта әсер етуі мүмкін деп мәлімдеді. Жеке компанияларға, олардың иелеріне, сондай-ақ бенефициарларға тыйым салатын санкцияларды кеңеюі әбден мүмкін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу