Ресейдің мұнай экспортынан көрген табысы 50%-ға өсті

659

Батыс қысымды күшейткеніне қарамастан, жыл басынан бері Ресейдің мұнай экспортынан көрген табысы 50 пайызға өсті. Халықаралық энергетика агенттігі осындай хабар таратты, деп хабарлайды Atameken Business.

Ресейдің мұнай экспортынан көрген табысы 50%-ға өсті

Мұнай және мұнай өнімдерін саудалаған теріскейдегі көрші, алғашқы 4,5 айда 20 млрд доллар тапқан. Тәулігіне 8 млн баррель қара алтын сатады. Оның 43 пайызы Еуропа елдеріне жөнелтіледі.

Кәрі құрлық үшін, осынша импортты алмастыру оңай болмайтыны анық. Сондықтан Еуропалық одақ санкция талаптарын бұзбайтындай етіп, Ресей шикізатын тұтынатын жоспар дайындады. Мәселе газға қатысты. Жаңа келісім күшіне енсе, шикізат жеткізумен айналысатын компаниялар, Газпромнан арнайы есеп-шот ашып, оған еуро немесе доллар аударады. Осымен өз міндетімізден құтылдық деп есеп береді.

Бір қарағанда валюта рубльге аударылмағандықтан, санкция талабы бұзылмайды. Осы жоспарды Ресейдің энергия ресурсына өте тәуелді Германия, Венгрия, Франция және Италия қолдап отыр. Басқалары Еуропалық комиссия қабылдайтын шешімді күту керек деп санайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу