Ресейдің мұнайы Өзбекстанға Павлодар арқылы тасымалдануы мүмкін

1036

Ресейдің мұнайы Өзбекстанға Павлодар арқылы тасымалдануы мүмкін

Биылғы жылдан бастап Ресей Федерациясының мұнайы Өзбекстанға Павлодар арқылы өтетін мұнай құбырларымен тасымалдануы мүмкін, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасының құрылғанына 40 жыл толды. Журналистермен кездесу барысында басқарма басшысы Алтынбек Қамшыбек атап өткендей, осы уақыттың ішінде кәсіпорын 330 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдаған.

"Оның ішінде Павлодар мұнай-химия зауытына 130 миллион  тоннадан астам шикізат жеткізілген. Жүк айналымы 118 миллиард тоннаны құрады. Өткен жылы тасымалданған 10 миллион тонна мұнайдың 4,7 миллион тоннасы жергілікті зауытқа тапсырылды. Ағымдағы жылы ол көрсеткішті 5,1 миллионға жеткіземіз. Болашақта тасымалдау көлемін арттыруды жоспарлап отырмыз. Биыл Ресейдің үш миллион тонна мұнайын Қазақстан арқылы, яғни Омбы – Павлодар - Шымкент мұнай құбыры арқылы Өзбекстанға жеткізу көзделіп отыр", - дейді ол.

Айта кетейік, Павлодар мұнай құбыры басқармасы мұнайды Шымкент пен Қытайға да жеткізеді. Бүгінгі күні "ҚазТрансОйл" АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы иелігінде 718 шақырымдық құбыр, үш мұнай айдау станциясы, жедел тіректі апатты қалпына келтіру пункті, технологиялық көлік және арнайы техника цехы, өндірістік қамтамасыз ету базасы, 543 жоғары кәсіби маман бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу