"Ресейдің не істегенін өз көзіңізбен көріңіз": Зеленский Илон Маскті Украинаға шақырды

588

Украина Президенті Владимир Зеленский Илон Маскті өз еліне шақырды, деп жазады inbusiness.kz "Euronews" сайтына сілтеме жасап.   

"Ресейдің не істегенін өз көзіңізбен көріңіз": Зеленский Илон Маскті Украинаға шақырды Фото: facebook/pavlokyrylenko.donoda

Бахмут үшін сұрапыл шайқас жалғасып жатыр. Ақпаратта көрсетілгендей, Днепрдің оң жағалауынан бөлінген Ресей әскері осында ағылуда.

Мұнда жаздан бері су да, электр қуаты да жоқ. Соған қарамастан онда қалған тұрғындар өңірден кетуден бас тартқан.

Владимир Зеленский Илон Маск ұсынған соғысты тоқтатудың шарттарына қатысты пікір білдірді.

Маск айтқан шарттардың ішінде "Қырымды Ресейдің бір бөлігі деп мойындау", "аннексияланған аймақтарда референдумдар өткізу" туралы сөз қозғалған.

"Мен әрқашан өз ойымды ашық айтамын. Егер Ресейдің мұнда (ред. – Украина) не істегенін түсінгіңіз келсе, онда Украинаға келіңіз. Сонда барлығын да өз көзіңізбен көресіз. Осыдан кейін бізге бұл соғысты қалай аяқтау керектігін, оны кім бастағанын және оны қашан аяқтай алатынымызды айтатын боласыз", - деді Украина Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу