Ресейдің ойынша Орталық Азия түрлі-түсті революция алдында тұр

1269

Орталық Азия бойынша Батыстың мақсаты — бар ресурстар мен логистикалық бағыттарды игеру. Одан кейін аймақтағы үкіметтерге деген мұқтаждық жойылып, түрлі-түсті революцияларға жол беріледі.  

Ресейдің ойынша Орталық Азия түрлі-түсті революция алдында тұр Фото: РБК

Бұл туралы "Валдай" клубының IV Орталық Азия конференциясының ашылуында Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Вашингтон мен Брюссель аймақтың ресурстық базасына қол жеткізу және ондағы көлік артерияларын, сондай-ақ суды пайдалану жүйесін бақылау үшін арам ойларын жүзеге асырып жатқаны анық, деді ол.

"Біз осы мақсаттарға қол жеткізгеннен кейін Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтері Батыс үшін делдал болуды тоқтатады, яғни олардың керегі болмайды, тиісінше, аймақта Батыс кеңінен қолданатын түрлі-түсті революцияларға жол ашылады", - деді Галузин.

Осыған орай, Ресей СІМ басшысының орынбасары атап өткендей, Ресей Федерациясы ұлттық мүдделерге сәйкес даму құқығын қорғайтын аймақ елдерінің сенімді серіктесі болып қала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу