Ресейдің Омбы қаласында қазақстандық тауарлар дүкені ашылды

811

Ресейдің Омбы қаласында қазақстандық тауарлар дүкені ашылды

Ресейдің Омбы қаласында Солтүстік Қазақстан облысы тауарларының тағы бір дүкені пайда болды, деп хабарлайды khabar.kz.

Бұл – Челябіде өткен екі ел арасындағы аймақаралық ынтымақтастық форумы аясында ашылған сауда нүктесі. Онда отандық 15 тауар өндірушінің сүт, ет, май, сыр, ұн, жартылай дайын, макарон және кондитерлік өнімдері қойылған.

"Омбы тұрғындары "Қазақстанда жасалған" азық-түліктерді таласып алады", – дейді саудагерлер. Сондықтан тауарларды аптасына 2 рет тасымалдау жоспарланып отыр. Бұл шекаралық аймақтардың әріптестігін нығайтып, сауда айналымын арттыруға мүмкіндік береді.

"Біз Солтүстік Қазақстан облысының 30 шақты компаниясымен келістік. Әзірге олардың жартысы ғана саудаға шығып отыр. Алдағы уақытта тағы да сауда нүктелерін ашып, қалғандары да жұмылдырылады. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына толық жауап береді", - дейді "Есіл өңірлік даму орталығы" серіктестігінің директоры Руслан Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу