Ресейдің Ор қаласында су бөгеті бұзылды. Қазақстанға қандай қауіп бар?

242

Ресейдің Орынбор облысындағы Жайық өзенінде бөгеттің қирауынан Қазақстанға келер қауіп жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресейдің Ор қаласында су бөгеті бұзылды. Қазақстанға қандай қауіп бар? Фото: Бейнежазбадан

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі осылай деп мәлімдеді.

Мұның алдында қазақ-орыс шекарасына, атап айтқанда Қостанай облысына жақын маңда Жайық өзенінің ресейлік бөлігінде төтенше жағдай болғаны хабарланған.

Ресей Федерациясы ТЖМ дағдарыс жағдайларын басқару орталығы жедел кезекшісінің мәліметінше, Орынбор облысы Орск қаласының маңында Жайық өзенінің қорғаныш бөгеті жартылай қираған.

Талқандалған жер бөгеттің 870-ші см белгісінде. Ені - 2 м, биіктігі - 1 м.

Орск қаласының ең жақын елді мекендеріне ғана қауіп төніп тұр, Қазақстанға су келмейді.

Жедел қызметтердің айтуынша, су жайылатын аумақта 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Ол үйлерде 10 мыңға дейін адам тұруы мүмкін. Халық жедел көшіріле бастады.

"Бұл бөгет көктемгі кезеңде тасқын суды бөгеп, ұстап тұруға арналған. Қазақстанға, оның ішінде Батыс Қазақстан облысына ешқандай қатер төндірмейді. Жағдай бақылауда", - дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу