Ресейдің Орталық Банкі негізгі мөлшерлемені 20%-ға дейін көтерді

1579

Беларусь те 1 наурыздан бастап мөлшерлемені 9,25%-дан 12%-ға дейін көтерді.

Ресейдің Орталық Банкі негізгі мөлшерлемені 20%-ға дейін көтерді

Ресей Банкінің жиректорлар кеңесі негізгі мөлшерлемені 28 ақпаннан бастап 20%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz реттеушінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Бұған дейін көрсеткіш 9,5% деңгейінде болды.

"Негізгі мөлшерлемені көтеру өсіп кеткен девальвациялық және инфляциялық тәуекелдерді өтеу үшін қажетті деңгейге дейін депозиттік мөлшерлемелерді ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл қаржылық және бағалық тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың жинақтарын құнсызданудан қорғауға мүмкіндік береді", – деп жазылған хабарламада.

Банк келесі шешімді сыртқы және ішкі жағдайларды ескере отырып қабылдайды. Беларусьтің Орталық Банкі де 1 наурыздан бастап мөлшерлемені 9,25%-дан 12%-ға дейін көтереді.

Табиғат Нұрболат

Фото: fishki.net 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу