Ресейдің премьер-министрі Тоқаевпен келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтанға келеді

805

РФ үкіметінің ресми сайтында Михаил Мишустиннің ҚР премьер-министрі Асқар Маминмен де келіссөздер өтетіні жазылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы. 

Ресейдің премьер-министрі Тоқаевпен келіссөз жүргізу үшін Нұр-Сұлтанға келеді

18-19 тамызда Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келеді. Ресей үкіметінің төрағасы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Кездесуде өнеркәсіп, энергетика, көлік, мәдени және гуманитарлық салалардағы Ресей-Қазақстан ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда. 

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейту мәселелеріне және коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу