Ресейдің Приморск өлкесінен ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға шектеу қойылды

879

11 қаңтар күні Ресейдің Приморск өңіріндегі "РусАгро" шошқа кешенінде аусыл ауры бары анықталған. Өңірде карантин жарияланды.

Ресейдің Приморск өлкесінен ауылшаруашылық өнімдерін импорттауға шектеу қойылды

Қазақстан Ресейдің  Приморск өлкесінің ауылшаруашылық өнімдері импортына уақытша шектеу енгізді, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі халықаралық эпизоотикалық бюроның ресми нотификациясы негізінде, 2019 жылдың 14 қаңтарынан бастап Ресейдің Приморск өлкесінен аусыл аурын тез жұқтыратын малды, сондай-ақ сиыр, шошқа, қой еті, сүт және сүт өнімдерін, термиялық өңдеуден өткен өнімдерді қоса алғанда, аусыл аруына тез жұқтыратын жануарларды союдан алынған азық-түлiкке жатпайтын шикiзатты өнiмдерді, қолдануда болған жабдықтарды, малдарға арналған азық және азық қоспаларын Қазақстанға әкелуге уақытша шектеу енгізілгенін хабарлайды", – деп жазылған хабарламада.

11 қаңтар күні Ресейдің Приморск өңіріндегі "РусАгро" шошқа кешенінде аусыл ауры бары анықталған. Өңірде карантин жарияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу