Ресейдің тағы бір облысында бұқаралық шаралар тоқтатылды

1076

​Оған көрші ел билігінің "терроризмге қарсы шараларды күшейтуі" себеп.

Ресейдің тағы бір облысында бұқаралық шаралар тоқтатылды Фото: Ашық дерек көздерінен

Ресейдің Тула облысының билігі 24-25 маусым күндеріне жоспарланған барлық бұқаралық шараларды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тула облысында терроризмге қарсы шаралардың күшеюіне байланысты осы демалыс күндері жоспарланған барлық бұқаралық шараларды жою туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Порталдың мәліметінше, Тула облысындағы тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Ростовта барлық бұқаралық іс-шара тоқтатылғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу