Ресейдің Түмен облысындағы Есіл өзеніндегі су деңгейі 1 051 см-ге жетті

246

Түмен облысындағы Түмен қаласы маңындағы Есіл өзенінде су деңгейі таңғы сағат 08:00-де (жергілікті уақытпен сағат 06:00) 1 051 см-ге дейін көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресейдің Түмен облысындағы Есіл өзеніндегі су деңгейі 1 051 см-ге жетті Фото: Донат Сорокин

Бұл туралы аймақ басшылығының ақпарат орталығынан хабарлады. 

Ильинка елді мекенінде Есілдегі су деңгейі бір тәулікте 12 см-ге төмендеді. Абатский, Стрехнино және Коркино елді мекендер аумағында су деңгейі жарты метрден астамға көтерілді. Сонымен қатар Ертіс өзенінде де су деңгейі көтеріліп, Уват және Демьянское елді мекендерінде тәулігіне сәйкесінше 75 см және 65 см құрады.

20 сәуірде сағат 20:00-дегі мәлімет бойынша, Есіл маңындағы су деңгейі бір мезгілде 1 006 см-ге дейін көтерілген. Бұл ретте бір тәулікте су деңгейі 140 см-ге өсті. 

Бұрын хабарланғандай, Ресейдің Түмен облысында су тасқыны болуы мүмкін аумақ айтарлықтай ұлғайған. Тұрғындарға бөгет бұзылу қаупі туралы да ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу