"Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрі, армия генералы Евгений Николаевич Зиничевтің мегілзсіз қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жеке өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Евгений Николаевичтің қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол көреген басшы, беделді саясаткер және біздің ведомстволарымыз арасындағы екі жақты қатынастарды орнатуға және дамытуға ерекше үлес қосқан тұлға болып мәңгі есімізде қалады",- деп жазылған мәтінде.